Жарияланды: 07.12.2019

Көмек көрсетілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағынауданының тұрғыны Батырбекова Бақтыгүлдің ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа өз шағымымен жүгінуіне байланысты төмендегіні мәлімдейміз. Б.Батырбекова жалға алып отырған үйінің апатты жағдайда екенін айтып, кезектен тыс баспанамен қамтуды сұраған. Сондай-ақ, қазіргі таңда көмір қажет екенін айтқан. Б.Батырбекованың шағымына сәйкес, Әл-Фараби ауданы кәсіпкерлерінің демеушілігімен 2 тонна көмір, 1 жүк көлігімен отын және қажетті азық түліктей көмек көрсетілді. Б.Батырбековаға бұған дейін 2019 жылдың басында демеушілер есебінен 1 тонна көмір түсірілген. Ағымдағы жылдың 30 қарашасында «Мейірім» қайырылымдылық қорының көмегімен азық-түліктер жеткізіліп, көмір алу үшін 20 000 теңге ақшалай көмек көрсетілді.
Жалпы, Б.Батырбекованың отбасына кәсіпкерлердің демеушілігімен 2019 жылға құны 330 000₸ қаражатына көмек көрсетілді. Б.Батырбекованың үш перзенті бар, оның бірі — мүмкіндігі шектеулі. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл отбасына мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 12 айға – 1 247 316 теңге тағайындалған. ІІ тоқсанда (бірінші ақшасы) 311 829 теңге алған, өз кезегімен ІІІ тоқсанда 210 000 теңгесі есеп-шотына аударылған. «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке қажетті құрал жабдықтар сөмкесімен бірге табысталған. Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында әлеуметтік жағдайы өте төмен 25 отбасы бар. Қазіргі таңда, оның 7 отбасысы жер үйден пәтер жалдап отырады. Яғни, аталған 7 отбасына демеушілер есебінен қатты отынмен (көмір) қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланған. Жылыту маусымының басталуына байланысты мұқтаж 7 отбасына көмір түсіру жұмыстары жүргізілді. Ал баспанамен қамту жұмыстары заңға сәйкес кезекпен жүргізіледі. Бұл туралы Б.Батырбековаға Әл-Фараби ауданы әкім аппараты тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби ауданы әкім аппараты

756 қаралым