Жарияланды: 07.12.2019

Мәдени астанаға алғашқы қадам

ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасы – Беларусь  Республикасының Брест  қаласы. Брест мәдени астана эстафетасын 9 желтоқсан күні қорытындылап, бұл мəртебені Шымкент қаласына табыстамақ. Алла нəсіп етсе, біздің жерлестеріміз күні ертең осы сапарға аттанады. Ал Цитадельдің құрылыс жұмыстары қала әкімі Erlan Aitakhanovтың жіті бақылауында. «Ескі қалашыққа» бүгін де ат басын бұрған қала әкімі тиісті мамандарды сонда жинап, тапсырмалардың орындалуын пысықтап қайтты. Бүгінде 5 гектардай жерді алып жатқан Цитадель аумағында қазба жұмыстары жалғасуда. Құрылысшылар саны 120 болса, археологиялық қазба жұмыстарымен айналысатын адамдар саны 100-ге жуық. Ерлан Қуанышұлы нысанды аралау барысында «Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандарының біріне айналуы тиіс. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай болуымыз қажет» деген болатын.

Ақмарал Молдиярқызы

 

793 қаралым