Жарияланды: 08.12.2019

40 млн. теңге қайтарылды

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті  Шымкент қаласы бойынша  департаментімен «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп 2018-2019 жж жылыту кезеңі үшін сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынатын және жылуды есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша 2018-2019 жж жылыту кезеңі үшін 2540 мың м2 орташа жылыту ауданын ескергенде халыққа қайтарылатын қаражат сомасы 39,98 млн. теңгені құрады. Өткен жылу маусымы қорытындысымен Шымкент қаласының тұтынушыларына 40 млн. теңге қайтарылды. Халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту жолында бұл да бір сеп болса керек.   

1 007 қаралым