Жарияланды: 08.12.2019

Шымкентті жырға қоспақ…

Үшінші мегаполис мәртебесін иеленген Шымкенттің бұрыны мен бүгіні, болашағы, даму көрсеткіштерін талқылаған түрлі басқосулар, байқаулар өтуде. Келер жыл Шымкент қаласы үшін мерейі асқан жыл болмақ. Оған дайындық әзірден ақ басталып кетті. Шымкент қалалық әкімдігі тарапынан түрлі жұмыстар атқарылуда.  Жуырда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Шымкент – шаттық шырағы» жыр мүшәйрасының іріктеу кезеңі аяқталып, шешімі шығарылды. Жыр мүшәйрасына ақын Абай Қалшабек, Құрал Көмеков, Гүлнар Өмірбек қазылық етті. Жалпы 40 өтінім түскен мүшәйрада 6 өтінім талаптарға сай болмады. 7 өтінім бастауыш сынып оқушыларынан түскендіктен, қазылардың шешімімен іріктеу кезеңіне жіберілмеді. Байқау жеңімпаздары жуырда марапатталатын болады. Шымкенттің жетістіктерін жырлайтын жыр додасы тағы да біраз таланттың тұсауын кеспек.

976 қаралым