Жарияланды: 08.12.2019

Арнайы бағдарлама әзірленген

Шымкент қаласындағы саябақтарға орнатылған спорт алаңшаларының басым бөлігі жөндеуді қажет етеді. Еңбекші ауданы әкімдік мамандарының мәлімдеуінше аудандағы жөндеуді қажет ететін  алаңшаларды күтіп ұстау үшін арнайы бағдарлама әзірленген. Мемлекеттік — жеке меншік әріптестік бағдарламасының құны 1 млрд. теңгеден астам.

Жоспар іске асқан жағдайда жеңімпаз жеке кәсіпкер аудандағы 30 — дан астам спорт алаңшалары мен көпқабатты үй аулаларындағы алаңшаларды күтіп ұстайтын болады. Одан бөлек көпқабатты үй аулаларына бірнеше алаңша орнатып береді.

848 қаралым