Жарияланды: 08.12.2019

Электр бағандары орнатылуда

Шымкенттің еліміздегі үшінші мегаполис атанғанына жылдан аса уақыт өтті. Ал 2020 жылы қаламыз ТМД елдерінің мәдени астанасына айналмақ.Шымкент қаласындағы 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ Әл-Фараби ауданына қарайды.  Сайрам, Қазығұрт, Төлеби аудандарынан қала аумағына енген «276 орам», «195 орам», «Текесу» тұрғын алабының бүгінгі жағдайы жақсарып қалды. Өткен жылы ғана Әл-Фараби ауданына қарасты осы аймақтарда таза ауыз су және сапалы электр жарығы өзекті еді. Қазір 276 орамдағы 150 жеке тұрғын үйге демеушілер есебінен сапалы электр жарығы тартылды. Текесу тұрғын алабына да таза ауыз су жеткізуді демеушілер есебінен ұйымдастырылды. Ал Бадам елдімекеніне қарасты «195 орамға» сапалы электр жарығын тарту үшін бюджеттен 253 млн теңге бөлінді. Қазір жарықтандыру жүйелері мен электр бағандары орнатылуда.

 

 

Шымкент келбеті

 

930 қаралым