Жарияланды: 01.07.2018

Экологиялық таза өнім өндіреді

Түркістан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында өрісін кеңейтіп, өндірісін өрлетіп отырған кәсіпорынының бірі Steppark.kz. Балаларға арналған ойын алаңдарын, аулаға арналған орындықтар шығарумен айналысатын кәсіпорын бүгінде өндіріс аясын кеңейтіп келеді. Басты ұстанымы сапалы өнім өндіру болып табылатын кәсіпорын тұтынушыларының сұранысына сай өнім өндіруде. Өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына қосып отырған үлесі де орасан. Бүгінде бала бақшаларға арнап ойын алаңдарында өнімдері көрік беріп тұр. «Нұрсәт» шағынауданындағы балалар алаңшаларына қойылған ойын кешендері қойылған. Өзге компанияның ойын алаңдарынан көрі балалар «Steppark.kz»-тің кешендерімен ойнағанды құп көреді. Өйткені балалардың ойнауына өте ыңғайлы, қызықты дизайнмен жасалған. Әрі сапалы. Компания бүгінде ағаштан, металлдан, пластмассадан спорттық ойын кешендерін, тренажерлар, аула орындықтарын, көшеге қойылатын түрлі орындықтар, жабындар шығарады. Қазақстан-Түркия бірлескен жобасы бойынша аталмыш фабрика индустриалды аймақта 2017 жылы ашылды. Өнім өндіріп қана қоймай, оны өздері құрастырумен де айналысады. Көршілес елдерге өнімдерін экспорттау отырып еліміздің экономикасының қарқынды дамуына өз үлесін қосуда. Аталмыш команда ұжымы үнемі осы саланы зерттеп, зерделеп, жаңа өнім түрлерін түрлендіруді ұмыт қалдырған емес. Басты мақсаттары да денсаулыққа ешқандай зияны жоқ, экологиялық таза, ұзаққа дес беретін төзімді өнім өндіру.

 

 

1 291 қаралым