Жарияланды: 10.12.2019

Тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған

 

Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өз бетінше оңалтудың техникалық құралдары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс беруге жол ашады. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ақпараттық -коммуникациялық орталығында өткен брифингкте Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Ғалымжан Балтаев мәлімдеді.
Ғалымжан Талғатұлының айтуынша аталмыш портал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға берілмек. Бұл өз кезегінде шымкенттіктердің тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың бірі болмақ. Қалалықтардың тұрмыс деңгейін жақсарту бүгінде қала әкімінің басты назарында тұр.

Сонымен қатар, портал мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге де ықпал етпек. Портал 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың өнім берушіні қамтиды.

827 қаралым