Шымкенттегі «Ақжайық» шағынауданындағы №88 мектепке және «Самұрық» балабақшасына баратын негізгі көшелерге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу туралы тұрғындар қала әкіміне өтініш жасаған болатын. Аталған мәселе Ерлан Айтахановтың назарында тұр. Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары «Ақжайық» шағынауданындағы Ә.Әлібаев атындағы көшелерді жарықтандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатқанын айтып отыр. Бүгінде бюджеттен қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 3 тоқсанында басталмақ. Осылайша «Ақжайық» шағынауданындағы инфрақұрылымға қатысты тағы бір мәселе шешімін таппақ.