Жарияланды: 10.12.2019

Жол құрылысы жалғаспақ

 

Шымкент қаласының тұрғындарын бүгінде Д.Қонаев даңғылының жалғасы қашан салынатыны қызықтырып отыр. Осыған орай қала әкіміне сауал жолдаған. Оған Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары: «Д.Қонаев даңғылы құрылысы жалғасы 8 кезеңнен 21 шақырымнан тұрады. Оның ішінде 3 кезеңнің жобалық сметалық құжаты әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы Қонаев даңғылының Түркістан көшесі мен Әйтеке би көшесіне дейінгі аралығындағы құрылыс жұмыстары басталып 2020 жылдың қыркүйек айында аяқталады деген жоспар бар. Инфрақұрылымның күретамыры жол құрылысы кезең кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

827 қаралым