Шымкент қаласындағы төрт аудан бұрын соңды болмаған мол қаржыға кенелмек. Қаражатты әр аудан әкімі өз аймағындағы түйіні кертілуі тиіс мәселелерді шешуге жұмсайтын болады. Жасырары жоқ бүгінде алып қалада күн түсуі тиіс көлеңкелі мәселелер жетіп артылады. Коммуналдық шаруашылық саласындағы күрделіліктерді шешсе де, аулаларды абаттандырса да, балалар алаңшаларын жөнге келтірсе де артықтық етпейді.
Мұнан бөлек, бұл қаржының орындалуы қадағалануға алынып, халық алдында шағын есеп беру жиындарын өткізу де жоспарланған.
Ең бастысы инфрақұрылым мәселесін шешу. Ол үшін аудан әкімдіктері барынша нақты жұмыстар атқаруда. «Самал 3», «Солтүстік -Батыс» шағынаудандарында жол төсеу, көше шамдарын орнату жұмыстары жүргізілмек. Енді қазына қазанынан бөлінген қаражатқа әкімдер бұқараның бұйымтайына бет бұрып, мәселелерін шешіп бермек.