Жарияланды: 10.12.2019

Мегаполис мәртебесіне лайықты болу үшін…

 

Шымкент қаласы әкімдігінің негізгі жұмысы халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталып отырғаны белгілі. Осыған орай бүгінде әкімдік тарапынан атқарылып отырған шаруа көп. Қала әкімі Шымкентті мегаполис мәртебесіне лайықты ету үшін шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын дамытуды бірінші орынға қойып отыр. Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабының ауызсу және электр қуатымен қамту секілді коммуналды мәселелері шешімін тауып келеді. Абай ауданына қарасты Жаңаталап, Игілік тұрғын алабтарының инфрақұрылым жүйелерін жаңарту алдағы уақытта қолға алынбақ. Қала бюджеті бірінші кезекте шалғайдағы аудандардың инфрақұрылымын дамытуға бөлінбек.

1 114 қаралым