Жарияланды: 18.01.2020

Азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын жеке мәселелер бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Әр аптаның жұма күндері өтетін қабылдауда 10-ға жуық қала тұрғындары өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдады. Қабылдауда негізгі көтерілген мәселердің басым көпшілігі коммуналдық салаға қатысты болды. Енді бірі жекеменшік мектеп салу туралы ұсынысын жеткізсе, бірі мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша көмек сұрай келген.
Азаматтардың мәселеріне мұқият назар салған Ерлан Қуанышұлы заң аясында жауап беріп, тиісті салаға қатысты сауалдарды бақылауға алуды басқарма басшыларына жүктеді.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен қолдау сұрап келген қала тұрғындарына шаһар басшысы кәсіпкерлерді қолдау шаралары аясында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатқанын айтып, оны алудың тәртібін түсіндірді.

Жалпы жеке қабылдауда көтерілген әрбір мәселе бойынша Ерлан Қуанышұлы тиісті сала басшыларына нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

1 054 қаралым