Жарияланды: 31.01.2020

Жалпы сомасы 702,3 млн. теңгені құрайтын 148 жоба жүзеге асырылған

 

2019 жылы 8 қызмет түрі services.atameken.kz порталында онлайн режимде халыққа қолжетімді болса, оның ішінде 4 қызмет түрі оффлайн режимде іске асырылған. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.

2019 жылы 2191 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына 2499 қызмет көрсетіліп (жоспарлық көрсеткіш 156,6%-ға орындалды), жалпы сомасы 702,3 млн. теңгеге 148 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 643 жаңа жұмыс орны ашылған. Көрсеткіштер жыл басынан 3 есе өскен, оның себебі — жоғарыда аталған қызмет түрлерінің шағын және орта бизнес өкілдері көп шоғырланған жерлерде (яғни, Шымкент қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармаларында) іске асырылуы.

«Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде Шымкент қаласы бойынша 2019 жылға 1916,0 млн.теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде кәсіпорындарға 2,1 млрд. теңге субсидия 141 жобаға төленді. Сонымен қатар, кепілдендіру бойынша 72 жоба 1,2 млрд.теңгеге кепілдік алды. Мемлекеттік гранттық қолдау мақсатында 55 жобаға қайтарымсыз 152,0 млн.теңге бөлінді.

Осы орайда, кәсіпкерлер палатасы 545  бизнес-жоспар әзірледі, оның 328 кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша 820 млн.теңгеге сүйемелдеді.

1 150 қаралым