Жарияланды: 05.02.2020

ШЫМКЕНТ: 2019 ЖЫЛЫ 28 339 АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 2019 жылы 28 339 азамат қамтылды. Оның ішінде:

— тұрақты жұмысқа — 19 580 адам орналасты.

— Мемлекеттік және аймақтық дамыту бағдарламасы
бойынша жаңа ашылған жұмыс орындарына — 2 513 азамат жолданды.

— Әлеуметтік жұмыс орындарына — 484 азамат жіберілді.

— «Жастар практикасына» — 3 503 азаматқа жолдама берілді.

— Ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2 259 азамат қамтылды.

813 қаралым