Жарияланды: 18.02.2020

Шымкент пен Франция арасындағы әріптестік арта түспек

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен және Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру, мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Мұрат Дүйсенбекұлы Қазақстан мен Франция арасында түрлі салада тығыз байланыс орнап, дамығанын айтып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

– Шымкенттің экономикасын ілгерілету үшін кәсіпкерлік және туризм индустриясын дамыту – басты бағыттардың бірі. Бүгінде Шымкент — мегаполис қала. Біз кез келген сала бойынша Францияның инвесторларына қолайлы жағдай жасай аламыз, — деді қала басшысы.

Франциялық делегаттар өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, Шымкенттің экономикалық әлеуеті жоғары екенін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында тараптар іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде сөз байласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

1 224 қаралым