Жарияланды: 21.02.2020

Шымкент: Гидтер мен экскурсоводтарға семинар-тренинг өтті

 

Шымкент қалалық туризм басқармасы гид-экскурсоводтары мен туризм саласында білім алатын жас студенттерге арналған оқыту сабақтарын өткізді.

Шеберлік-сағатын белгілі тарихшылар мен кәсіби гид-экскурсоводтар жүргізді.

Семинар «Цитадель» жобасы» тақырыбында және «Абай және Әл-фараби тарихы» тақырыбы мен «Кәсіби тілдесудің мәдениеті» тақырыптарын қамтыды.

Туристік индустрия жұмысының жеке, топтық немесе корпоративтік тиімділігін арттыру бағытында сабақ алған студенттер мәдени қаламызға келген туристерге қаламызды жан-жақты таныстыруға ықпал етпек.

744 қаралым