Жарияланды: 21.02.2020

Түркістан облысының 47 нысаны ең ірі TripAdvisor саяхат туралы сайт тізіміне енді

Түркістан облысының 47 нысаны әлемдегі ең ірі TripAdvisor саяхат туралы сайт тізіміне енді. Бұл дегеніміз, әлемнің кез-келген нүктесінен саяхатшылар облыстың бірегей орындары туралы ғана біліп қоймай, сондай-ақ кеңестерді пайдалана отырып, саяхаттың жеке бағдарын жасай алады.

Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін туристің ең өзекті бес бағыт бойынша бірнеше жадынамасы әзірленді: «Шымкент-Түркістан», «Шымкент-Сарыағаш-Шардара», «Шымкент — Төлеби ауданы», «Шымкент — Түлкібас ауданы», «Сайрам-Өгем ұлттық паркі».

TripAdvisor әлемнің 45 елінде 25 тілде жұмыс істейді, ай сайын 315 млн бірегей келушілерге қызмет көрсетеді, 70 млн-нан астам тіркелген пайдаланушылары бар, олар 200 млн-нан астам пікір қалдырған

946 қаралым