Жарияланды: 22.02.2020

Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, аумақтық департаменттер мен басқарма басшылары және қоғам өкілдері қатысты.

Басқосуда қала әкімі бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын назарға алды.

«Біздің ортақ мақсатымыз-қоғам мен мемлекет игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою үшін күш-жігерімізді біріктіру. Жемқорлықпен күрес әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осы тұрғыда жүйелі жұмыс істесек, тұрғындардың сенімін арттыра аламыз», — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жиында сөз алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали уәкілетті органмен жүзеге асырылатын алдын алу және қылмыстық-құқықтық шараларға тоқталды.

​Сонымен қатар, іс-шара барысында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Е.Дәрменов және Шымкент қаласы әкімі аппаратының құқықтық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы Н.Жамашов сөз сөйледі.

Жиын соңында қала әкімі М.Әйтенов Елбасы мен Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты басымдықтар қойғанын атап өтті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

803 қаралым