Жарияланды: 02.03.2020

ШЫМКЕНТ: БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСІН КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесін көріктендіру мақсатында 200 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып, бүгінге дейін 170 көшет егілген.

Шаһарда көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазірде осы көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында, жолдың жүріс бөлігіне асфальт-бетон қабаты жаңадан төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілер жолағы салынады. Құрылысты жұргізетін мердігер компания «Отырабат-Құрылыс» ЖШС-і. Сонымен қатар, ирригациялық лотоктар мен жиек тастарды ауыстыру, аялдама павильондарын орнату да жоспарланған.

859 қаралым