Жарияланды: 31.03.2020

Басты мақсат — тазалық

Карантинге байланысты қалада 50 адамнан жоғары қоғамдық тамақтану орындары жабылған. Десекте халықтың сұранысына ие кондитерлік нысандар мен шектеу шеңберіне жатпайтын дәмханалар өз жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.Шымкент тіл үйіретін тәттілер мен таңдайдан дәмі кетпес ас ауқаттың отаны.  Шаһар орталығы Әл-Фараби ауданының өзінде  169 қоғамдық тамақтану орыны бар. Оның  16-сы келбетіне көз тоймайтын  тойханалар. Төтенше жағдайға байланысты салтанат сарайларда  думан өткізуге  шектеу қойылды. Десекте сұранысқа ие шағын  тамақтану орталықтары өз жұмысын жалғастыруда.Айнұр Пернеева – Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасарыАл қалған қоғамдық тамақтану орыны болсын, дәріханалар, банктер болсын барлық нысандарда санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуде. Санитайзерлер қойылған ол келушілердің қолдарын залалсыздандыруға арналған». МҚаланың санитариялық тазалығы да назардан тыс қалмақ емес. Көшелерде. саябақтарда, гүлзарларда сәт сайын зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Мегаполис тұрғындарының  суйікті орнына айналған «Ладушки»кондитерлік және қоғамдық тамақтандыру  жүйесі карантинге бейімделіп өз кәсібін жалғастыруда. Көптің басы бірігетін үлкен залдарын жауып шағын орталыққа айналған. Тамақтанатын жерде басты талап тазалыққа  аса мән беруде.Әл-Фараби ауданында ірі ойын сауық орталықтарыда көп.Шымкент плаза, Мега планет, Наурыз парк секілді ойын сауық орталықтары осы аймақта. 

 

805 қаралым