Жарияланды: 01.04.2020

Ағаштардың түбін ақтау жұмыстарына жұмылдырған

Фото Н.Байбақ

Шымкенттің тап-таза, көрікті қалаға айналуы үшін тынбай еңбек ететін мекемелер жетерлік. «Бәйтерек ЛБ» серіктестігі бүгінде көше тазалығынан бөлек, жұмысшыларды ағаштардың түбін ақтау жұмыстарына жұмылдырған. А.Байтұрсынов көшесі бойындағы көпжылдық тал-дарақтардың түбін әктеп біткен серіктестік жұмысшылары Н.Төреқұлов көшесіндегі дәу емендердің түбін ақтау жұмыстарын аяқтау үстінде.  Осы көшені бастан аяқ біткен соң, «Айна» базары аумағын, сосын «Солтүстік» шағынауданы аймағындағы ағаштарды қопсытып, ақтауға кіріспек. Төтенше жағдайға қарамастан серіктестік жұмысшылары қауырт еңбек майданынан кіріскен. Күнделікті қала тазалығына жауапты мекеменің қосымша атқаратын жүмысы да жетерлік. Шымқаланың жасыл желектерінің жайқалып тұруы үшін таңнан бастап күннің қызылы кеткенше бел жазбай еңбектенеді.

Бақдәулет Таңбай

1 408 қаралым