Жарияланды: 01.04.2020

Гүлзар баққа айналды

фото Н.Байбақ

Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионы маңында Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан. Жеңіл көлікпен келген азаматтар алдымен стадионға кіріп, айналып, сосын ғана автотұраққа көліктерін қоюға мүмкіндіктері болатын. Осы олқылықты эою мақсатында жуырда жауапты мекеме Мәделі Қожа көшесі жағындағы темір қоршауларды алып тастап, тұраққа тікелей кіретіндей ыңғайластырды. Бұл жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де ыңғайлы болып қалды. Қаланы көгалдандырумен айналысатын мекеме Мәделі Қожа көшесінің бойын құрылыс қалдықтарынан тазартып, гүл егіп, жайқалтып қойды. ХҚКО алды тап бір гүлзар баққа айналғандай. Қызылды жасылды гүл көз қарықтырардай. Ал жауапты мекеме көпшілік жүретін орынды мұнтаздай таза мекенге айналдырған.

Бақдәулет Таңбай

945 қаралым