Жарияланды: 04.04.2020

Сала қызметкерлерінің жұмысы қызу жүргізілуде

Төтенше жағдай жарияланған Шымкентте коммуналдық сала қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыру жұмыстары да қыза түскен. Таң азанымен көшелерді сыпырып, қоқыстан арылтқан соң гүлдерді баптауға кіріседі. Бүгін Ғ.Іляев көшесінің бойында «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің жұмысшылары раушан гүлдерінің түбін қопсытып, жетілуіне жағдай жасауда. Күтімнің арқасында гүлдер жайқалып қаланың көркін ажарландыра түседі. Қаланың орталығында отырғызылған бір жылдық гүлдер, ағаш көшеттері жерлестеріміздің көңіл күйін көтеріп жігерлендіреді деген ниеттеміз дейді коммуналшылар. Гүлнар Андасова, «ЛТД Тұрмыс»ЖШС-нің маманы: «Карантинге, төтенше жағдайға қарамастан жұмыс жалғасады. Көгалдандырумен айналысудамыз. Бұл көше біткен соң,  «Қажымұқан» стадионында гүлдерді отырғызуды жалғастырамыз».

708 қаралым