Жарияланды: 04.04.2020

Қызғалдақтардан көз тұнады

Қызғалдақ Шымкент қаласының символына айналған. Осыған орай 2010 жылы ескі субұрқақтың орнына алып Қызғалдақ субұрқағы бой көтерді. Бүгінде бұл маң қалалықтардың сүйікті мекеніне айналған. Шымкенттің қақ орталғында орналасқан әйгілі Қызғалдақ субұрқағын жаздық маусымға дайындау жұмыстары жүргізілуде.  Биіктігі 10 метрден асатын субұрқақтың қазіргі қалпын ойлап тапқан сәулеткерлерге шымкенттіктер дән риза. Алып қызғалдақ есерткіштің айналасына табиғи қызғалдақтар отырғызылған. Наурыз сәуір айларында қызғалдақтар бүр ашып, алып субұрқақпен үндесе кетеді. Одан бөлек, қызғалдақтың дәл қасында гүлзар орналасқан. Онда ақ қайың, талшын ағаштары отырғызылған. Қызғалдақтардан көз

тұнады. Жыл сайын қызғалдақ ескерткіш сырланып, бұзылған жерлері жөндеуден өткізіліп тұрады.

3 529 қаралым