Жарияланды: 04.04.2020

Ең таза ауданның бірі

Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы қаладағы ең таза аумақтардың бірі. Мұндағы барлық қалаішілік және ішкі орам жолдардың барлығы да таңертеңімен сыпырылып, тазалық жұмыстары жүргізіледі. Көпқабатты үй аулалары да назардан тыс қалмайды. Қоқыс тастаушыларға қарсы ұдайы түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.  «Қала тазалығы – баршамызға ортақ!» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Іс-шара барысында аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында құрылыс қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдық заттарды тастаған тұрғындарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434, 505 баптары бойынша түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Акцияның басты мақсаты — құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға айыппұл салу емес, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақыру және құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда он тәулікке дейін қамауға алуға болатындығы және қандай мөлшерде айыппұл салынатындығын ескерту болып табылады. Акция барысында қала тұрғындарының қала тазалығына жан-жақты көңіл бөліп келе жатқандығы байқалды.

881 қаралым