Шымкентте ескерткіштер көп. Қаланы араламай-ақ Шымкенттегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлер жайлы енді ұялы телефонның қосымшасынан да білуге болады. Жергілікті оқу орнының студенттері осындай жоба жасап, көпшілікті сүйсінтті. IV курс студенті Олжас Құрақбайдың мобильді қосымшасының артықшылығы көп. Оған 100 шақты тарихи-археологиялық ескерткіш туралы мәлімет енгізілген. Жас дарын жобаны мамыр айында іске қосуды жоспарлап отыр. Олжас Құрақбай, жоба авторы: «Қосымшаның негізгі мақсаты — осы қала аумағындағы киелі нысандарды, ескерткіштерді карта бетіне енгізіп, оны басқа сайттарда жоқ мағлұматпен толықтырып, халыққа осындай контентте жеткізу болып саналады. Қосымшаның артықшылығы: 360°-тық сурет бейнелері жасалады». Қалаға келген туристерге, қонақтарға таптырмайтын көмек болып тұр. Ұялы телефонның тетігін басып-ақ қаладағы бүкіл ескерткіштер, киелі жерлер жайлы білуге болады. Жоба авторының жоспарлары көп.
Жарияланды: 05.04.2020