Жарияланды: 06.04.2020

Баспана кезегін азайту басты назарда

Шымкент қаласында баспана кезегін шешу мақсатында жергілікті билік арендалық, несиелік тұрғын үйлерді салуды қолға алған. Бұдан бөлек, «Шымкент Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тартылған. Қалада тұрғын үй құрылысы қарқын алған, деп хабарлайды «Отырар.кз».  Водопьянов көшесіндегі үй биыл тамыз айында тапсырылады. Бес қабатты тұрғын үйдегі 85 пәтердің 40-ы баспана кезегіндегі азаматтарға үлесірілсе, қалғаны былтыр өрттен үйсіз қалған 45 отбасына беріледі.

«Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» биыл Шымкент аумағында 24 тұрғын үй салуды жоспарлауда. «Шымкентсити»-де 13 үйдің, әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты үйдің құрылысы басталса , «Күншығыс» шағынауданында бір көпқабатты үйдің құрылысы биыл аяқталады.

612 қаралым