Жарияланды: 07.04.2020

Өркендеудің бір көрінісі

Ағымдағы жылы Шымкенттегі 43 көшеге күрделі, 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 90 км топырақ жолдарға тас төселді. 2020 жылы шалғайда орналасқан 40 елдімекеннің сексен негізгі көшелерін асфальттау жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық көлік жүргізу мәселесі қаралмақ. Елді — мекендердегі 48 көше күрделі, 73 көше орташа жөндеуден өтеді және топырақ жолдарға толығымен тас төселетін болады. Қаланың 7 магистралды көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала тұрғындарын газбен қамту үшін Шымкентте №3 АГРС құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 2020 жылы «Сапақ Датқа» ауылынан ұзындығы 13,5 км, қуаттылығы 25,0 мың м3 сағатына құрайтын магистралды газ құбырын салу жоспарлануда. Бұл қаланың 2-3 жылдық қажеттілігін толық жабады. Бұл өз кезегінде қаланың әлеуметтік өркендеуінің бір көрінісі. Әлеуметтің әлеуетінің көтерілгені демек қала экономикасының биікке өрлеуінің бір көрінісі.

 

843 қаралым