Жарияланды: 09.04.2020

Қоғамдық орындар басты назарда

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға байланысты, Еңбекші ауданында дезинфекциялау шаралары қарқын алды. Залалсыздандыру жұмыстарына 35748 бөлімінің 120 сарбазы жұмылдырылды. Олар аудан аумағындағы сауда нүктелерінің аумағы сен көшелер, аялдамалар мен саябақтартар сынды қоғамдық орындарды дәрілеуде. Әсіресе қоғамдық көпшілік орындарға баса назар аударылуда. Азаматтарға аталған аумақтарда тазалық шараларын сақтау түсіндірілуде. Дезинфекциялау жұмыстарына 12 арнайы техника да тартылған. Істелген жұмыстардың сапасы аудан әкімдігінің қатаң бақылауында.

1 021 қаралым