Жарияланды: 10.04.2020

Тазалық мекемелеріне көмекке келді

Кеше ғана Шымкентте толассыз жауған қар тұрғындарды біраз әбігерге салды. Қардың салмағын көтере алмай сынған ағаштарды жинауға тазалық мекемелеріне әскерилер көмекке келді. Әл Фараби ауданы аумағында орналасқан №35748 әскери бөлімнің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен басты және ішкі орамдық көшелердің бойында құлаған ағаштар алынып ретке келтірілді. Атқарылған жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.  Көпқабатты үй аулаларында сынған ағаштарды жинап, арнайы көлікке артты.

998 қаралым