Жарияланды: 10.04.2020

Шетке тауар шығаруға шектеу жоқ

Өңіріміздің ауылшаруашылығы тауар өндірушілері енді өз өнімдерін емін еркін шетелге экспорттай алады. Өйткені, карантин енгізілуне байланысты шетке тауар шығармау туралы министрліктің шектеуі алынып тасталды. Бүгіннен бастап барлық ауылшаруашлық тауар өндірушілер шетелге тасымалдауға, сатуға ешқандай кедергі жоқ. Ол үшін аумақтық инспекциялардағы мемлекеттік карантин инспекторлардың барлығына арнайы тапсырма келді. Ол тауар өндірушілердің өнімдері шетелге кеткен жағдайда фитосанитарлық сертификат, ал облыстарға жіберілсе карантиндік сетрификат беріледі, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Одан бөлек ауылшарушылығы өнімдерін артқан жүк көліктері жолда бөгелмес үшін басқарма арнайы «Бізбіргеміз» логотипін дайындапты. Ол фитосанитарлық сертификат алған тауар өндірушілерге беріледі. Оны таққан көліктерді қара жолда көп тоқтатпайды. Сонымен қатар, қазір көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Ауылшаруашылығы саласында әртараптандыру ісі де қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда биыл су мен күтімді көп қажет ететін өсімдік түрлерін егуден мал азығы мен бақша дақылдарын көп ендіруге басымдық берілуде. Сонымен қатар көкөніс, бақша өнімдерінің алқабы да 4 мың гектарға ұлғайып 122 мың гектарға жеткен. Өнім сапасын арттыру үшін шаруаларға төмен бағамен тыңайтқыштар берілуде.

 

807 қаралым