Жарияланды: 11.04.2020

Айтулы ақынның ескерткіші күтімге алынған

Шымкент қаласында Майлықожа Сұлтанқожаұлына ескерткіш мүсін орнатылып, бір көшеге есімі берілген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы — қазақтың халық ақыны. Суырып салма ақын болған. Шымқаланың қақ ортасында облыстық клиникалық аурухананың жанында орнатылған ескерткіші «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің қарамағына қарайды. Серіктестік жұмысшылары ескерткішті күтімге алған. Көктем мезгілінің басталуына орай ескеркіштің жырылған, сыры кеткен жерлері жөнделді. Гранит тақтайшалары сүртіліп, тазаланды. Тазалықшылар «апта сайын тазалап, сүртіп, атқарған жұмысымыз туралы бригадирге суретке түсіріп, жіберіп отырамыз» дейді. Қазақ ауыз әбедиетінде ойып тұрып орын алар азулы ақынның өмірбаянымен  таныстыру үшін мектеп оқушыларына ұдайы экскурсия ұйымдастырылып тұрады. Ескерткіштің айналасына әсем ағаштар, гүлдер егіліп, күтімге алынған.

1 253 қаралым