Жарияланды: 11.04.2020

Өндірілетін өнім көлемі артпақ

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген кәсіпкерлер көп. Биылғы түсім мол болатын түрі бар. Масақты дәнді дақылдардың егіс көлемі – 9,0 мың га; майлы дақылдар – 2,8 мың га; көкөніс пен бақша – 1,5 мың га; картоп – 0,1 мың га; мал азықтық дақылдар – 3,2 мың га егіледі. Президент тапсырмасына сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына 5% мөлшерлемемен АШТӨ-не 500 млн. теңге жеңілдетілген несие қаралған. Осы жұмыстарға бөлінген 1,25 мың тонна жанар-жағармайдың құны литріне 174 теңгеден 160 теңгеге төмендетілген. Өнімділікті арттыру мақсатында шаруаларға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 105,1 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда қолдау шаралары басталған. Ал озық технологияны қолдануға келсек, қазіргі таңда жылыжайдың жалпы көлемі — 183,5 га, оның өнеркәсіптік — 56,1га, фермерлік -127,4 га артып отыр. Ағымдағы жылы қосымша 30 гектар жерге жылыжай салынған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында өндірілетін өнім көлемі 1,6 млрд теңгеге артып, 11,0 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда.

839 қаралым