Жарияланды: 11.04.2020

Өнімділіктің өсуі байқалады

Шымкент қаласын етпен қамтамасыз ететін мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер жетерлік. Бүгінгі таңда мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалады. Атап айтсақ: ірі қара мал  ІҚМ  – 2,4% артып, 74,3 мың басқа; қой ешкі – 3,0%, 113,4 мың; жылқы – 1,1%, 13,7 мың; құс – 6,2% 839,4 мың басқа жетті. Нәтижесінде ет 20,8%, 978,3 тонна, сүт 0,5%, 2,4 мың тонна, жұмыртқа 12,9% артып 12,9 млн дананы құраған. Мал шаруашылығын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 1 140,7 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаруалар тарапынан түскен өтінімдер қабылдануда, 76,0 млн теңге субсидия төленген.

953 қаралым