Жарияланды: 13.04.2020

Нәтижесі де оң болады деген сенім мол

Шымкент қаласының аумағы жыл жылжыған сайын ұлғайып келеді. Жаңа құрылыс, жаңа көпір, жаңа әлеуметтік нысандар. Мұның барлығы да қаланың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып келе жатқандығының көрінісі болса керек. Ташкент бағытынан қала кіретін жалғыз көпір Республика даңғылын бойлайды. Кейде мұнда көлік кептелісі де жиі орын алады. Осы олқылықты жою мақсатында Бадам өзені бойынан жаңа көпір салынып жатыр. Д.Қонаев даңғылын ұзартып, осы көпір арқылы «Сәуле» шағынауданы арқылы Ташкент трассасына барып қосылатын үлкен даңғыл салынбақ. Бүгінде осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ақпан айында «Сәуле» шағынауданы тұрғындарымен мемлекет мұқтаждығына алынатын аумақтар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы шағынауданнан яғни, трасса жүргізілетін жерден 200-дей тұрғын үй мемлекет мұқтаждығы үшін алынбақ. Тұрғындарға өтемақы төленбек. Бұл Ташкент бағытынан қалаға кіретін ең үлкен трасса болмақ. Жұмыс басталды, енді нәтижесі де оң болады деген сенім мол.

761 қаралым