Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-нің және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына қарасты мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан ішкі орамдық және көше бойындағы ирригациялық арықтарды қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тұрғындардан көктем мезгілінде жауын-шашын және еріген қар сулары салдарынан су басу қауіпінің алдын алу мақсатында аумақтардағы ирригациялық және үй ішілік арықтарды қоқыстан тазалау жұмыстарына атсалысуларын сұранып отыр. Бұған өз кезегінде белсенді тұрғындар үн қосуда.
Жарияланды: 13.04.2020