Жарияланды: 20.04.2020

Әлеуметтік қолдау басты назарда…

Шымкентте 210 684 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген. 2020 жылғы 20 сәуір, сағат 9-дағы жағдай бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін шымкенттік 471 971 азаматтан өтініш түскен. Оның 228 223-іне әлеуметтік төлем тағайындалса, 216 379-ның өтініші тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Әлеуметтік төлем алатын 228 223 азаматтың 215 674-і өтініш бойынша ал, 12 549-ы проактивті түрде көмек тағайындалған. Жалпы, бүгінге дейін 210 684 адамға 42500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.

759 қаралым