Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұловтың басшылығымен аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті полиция өкілдері Сайрам тұрғын алабы аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында тазалық шараларына назар аударылды. Тұрғын алап аумағында тазалыққа жауапты серіктестік жұмысы сараланды. Рейдтік іс-шара барысында 6 орынға қосымша блок бекеттер қойылды. Сонымен қатар, банк бөлімшелері мен Қазпошта мекемесі алдарында дезинфекциялау жұмыстарын тұрақты жүргізу, тұрғындарға қажеттілік туындамаған жағдайда үйде болу және індетке қарсы барлық сақтық шараларын қатаң түрде сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталаған мәселелер аудан әкімінің тұрақты бақылауына алынған. Сонымен қатар, Мәртөбе, Бозарық, Қайнарбұлақ блок бекеттерінің жұмысын бақылады. Барлық блок бекеттері аудан әкімдігі қызметкерлері, әскери және құқық қорғау өкілдерінің тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, «Біз біргеміз» акциясы бойынша 1 кезеңмен 6100 отбасының тізімі жасақталып, көмек көрсетілді.Қазіргі таңда 2 кезең бойынша аудан әкімдігі тарапынан қосымша тізім жасақталуда.