Жарияланды: 22.04.2020

Күн сайын қадағалап отырады

фото Н.Байбақ

Шымкенттегі дендросаябақ  әкімшілігінің учаске шебері Б. Каумешев өзеннің бастауынан жүз метр қашықтықтағы кішігірім қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Жөндеу құны — қалалық бюджеттен бөлінген 17 миллион теңге. Қошқар ата өзенінің бойын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан жұмысшылар су ішінде жүріп жұмыс атқарады. Өзен жағасын тормен қаусырып, оның ішін тау тастарымен толтырып, әсемдеу де оңай шаруа емес. Әрі құрылыс қалдықтарын су қорғау аймағынан шығарып, тазалық шараларын жүргізіп отыру қажет. Одан бөлек, өзеннің флорасы мен фаунасына алаңдаудың қажеті жоқ. Өйткені қала тазалалығына жауапты мекеме көктемде өзен аңғарларындағы қоқыстарды арнайы тазартып шығады әрі өзен бойы күн сайын сыпырылып, тазалау шаралары жүргізіледі.  Қаланың магистральдық су жолының айналасынан шлюзге дейінгі бөлігі тазартылып отырады. Оны дендросаябақ қызметкерлері күн сайын қадағалап отырады.

Қуаныш Дәулетқали 

 

944 қаралым