Жарияланды: 27.04.2020

Көкөніске сұраныс толастаған емес

Шымкенттік дихандар мемлекет тарапынан берілетін субсидияны күзде емес, көктемгі мезгілде берілсе дейді. Сонда жер еміп өскендер үшін зор қолдау болатынын айтады. Шымкенттік Ш. Рашаев жиған өнімнің алғашқы партиясын солтүстікке жіберді. Кәсіпкердің  жетекшілігіндегі жылыжай өніміне сұраныс мол.  2 гектар алқапта қияр өсіп тұр. Кәсіпкер ертеңге деген сенімін жоғалтқан емес. Алдағы уақытта жылыжай көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Сонда алатын өнім де молаяды әрі жұмыс орны да көбейеді. Түркістан облысы мен Шымкент қаласында бір жарым мыңнан астам гектарға жылыжай салынған. Онда күнұзақ еңбек ететіндер орта есеппен гектарына 300 тонна өнім алады. Көкөністі көбіне солтүстік өңірлер мен Алматыға жібереді. Қияр мен қызанаққа деген сұраныс қысы жазы толастаған емес.

 

960 қаралым