Жарияланды: 29.04.2020

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті

Шымкентте алдағы 2020-2021 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің бригадалары көпқабатты үйлердің ауласындағы орамішілік жылу жүйелерін жаңалауда. Орталық Шымкенттегі 72 мың тұтынушы, 223 заңды тұлға , 137 бюджеттік мекемелерді , облысқа жататын 67 мекеме мен республика меншігіндегі  41 мекемені орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтып келеді, деп хабарлайды «Отырар.кз». Сапалы жылу алу үшін тұрғындар да үйдегі, пәтерлеріндегі ескірген жылу жұйелерін алмастыруы қажет,- дейді жылуберушілер. Пердебай Сабитов «Қуатжылуорталық-3» МКК директоры: «Өткен жылу беру маусымы күрделіксіз өтті. Арыздар да едуір төмен болды. Бұл дегеніміз сапалы жылу берудегі жұмыс жүйеленді. Жөндеу жұмыстарына, тозығы жеткен құрылғы, құбырларды жаңалауға республикалық, қалалық бюджеттен қаржы бөлінуде. Өз тарапымыздан тарифтен бөлінетін қаржыға, биыл ол сома 103 — 108 млн теңге аралығында болмақ. Қаржыға  тозығы жеткен, өткен жылу беру маусымында ақау орын алған  жылу жүйелерін  алмастырып,  орамішілік құбырларды жаңалаймыз»Қазір «Қуатыжлуорталық-3» мекемесінің бригадалары Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі  көпқабатты үйдің ауласындағы орамшілік құбырды жаңалауда.

Бекайдар Сауырбаев, жұмысшы:  «4а /5 үйге баратын құбырларды алмастырып жатырмыз. Жұмысты бастағанымызға бір апта болды. Бір айда бітіруге тырысамыз. Құбырларды арнайы қаптағышпен қаптап береміз».

ауладағы 4/5 үйдегі тозығы жеткен құбырлар былтыр алмастырылған болатын. Тұрғындардың айтуынша қыс бойы күрделік болмаған.

934 қаралым