Жарияланды: 30.04.2020

Қайтпас- 1 шағынауданында жарық жүйесі тартылады

Шымкент  қаласының  басшысы Қайтпас-1 шағын ауданына барды. Мұндағы тұрғындар сапасы төмен жекеменшік жарық жүйесіне шағымданып отыр. Бұдан бөлек жол, ауыз су, газ, қоғамдық көлік мәселесі өзекті екенін айтады халық. Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

«Сіздердің қуаты әлсіз жекеменшік электр энергиясын тұтынып отырғандарыңыздан хабардармын. Кезінде осындағы 416 үйге жарық жүйесі жетпей қалған екен. Соны ескеріп, қуат жүйесін жүргізуге байқау өткізіп, мердігер мекемені анықтадық. Жуырда олар жұмысын бастайды. Құрылыс жұмыстарын күзге дейін бітіруге әрекет жасаймыз. Сонда сіздерде сапалы энергия болады. Ал, су, газ тарту мәселесіне келсек, жуырда жобалық сметасын жасаймыз. Биыл жұмыстарды бастауға тырысамыз»- дейді Мұрат Әйтенов.

Қоғамдық көлік жұмысына қайта зерделеу жұмыстары жасалып жатқанын айтады қала әкімі. Жаз айларына қарай автобустар мәселесі де өз шешімін таппақ.

 

1 009 қаралым