Жарияланды: 01.05.2020

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып жүр

Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы тарих пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлттық бірлік -Тәуелсіз Қазақстан іргетасы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде №23 мектеп-лицей мұғалімі Каев Петр, №4 жоббм мұғалімі Мамедова Зарина, №34 жоббм мұғалімі Муксимов Амантай, №8 мектеп-гимназия мұғалімі Пак Елена баяндама жасап, өз отбасыларының Қазақстанға қоныс аударудағы тарихынан үзінді келтіріп, сол қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының құшақ жая қарсы алып, барымен бөліскендері туралы естеліктері бөлісті. Өңіріміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, халықтар достығын дәріптеуге үлес қосып жатқандарын тілге тиек етті. Елімізге қоныс аударғаннын бастап ұлтымыздың отбасы құндылығына ерекше мән беретінін байқап, асыл қасиетті үлгі тұтатындарын айтты. Сонымен бірге, қазіргі таңда жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, салт-дәстүрі біте қайнасқан, бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті, бірігіп, ынтымақтасып өмір сүріп жатқандығын мақтаныш етіп, «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты ұғымды берік ұстанып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосып, алдындағы шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие берумен дәлелдеп жүргендерін ортаға салды.

819 қаралым