Жарияланды: 11.05.2020

«Халықтан» әлеуметтік көмек

Әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға “Халық” қайырымдылық қорынан 20 мың азық-түлік жиынтығын тапсырылды.

Алғашқы азық-түлік көмегі Қазақстан өңірлерінің тұрғындарына жеткізілді.
Бұған дейін “Халық” қайырымдылық қоры төтенше жағдай режимі мен карантиндік кезең салдарынан қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға арналған 20 мың азық-түлік жиынтығын берген болатын.

Азық-түлік жиынтығына ең қажетті: ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, шай және тәттілер – әрбір отбасы үшін 60 килограммнан өнімдер үлестірілді. Көмек өңірлік әкімдіктер ұсынған тізім бойынша бөлінді.

“Халық” қайырымдылық қорының бастамасын еліміздің еріктілер қозғалысы қолдады. ҚР Президенті жариялаған “Волонтер жылы” аясында олар азық-түлік жиынтығын жеткізумен көмектесті.

Алғашқы азық-түлік жиынтығын Қазақстан өңірлерінің мұқтаж отбасылары ала бастады. Осы шара шеңберінде аймақтарға жалпы көлемі 1200 тоннаға жуық азық-түлік үлестіру жоспарланған.

1 012 қаралым