Шымкенттегі жедел жәрдем көліктері тиісті талаптарға сай жабдықталып жатыр. Салондарға кислородты балондар мен жасанды тыныстандырғыш аппараттар қойылуда. Жедел жәрдем өкілдері қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазір бағыттарға жүз шақты көлік жұмылдырылған. 103 нөміріне күніне мыңдаған қоңырау түсуде. Ділмұрат Абдраимов, фельдшер: «Оттегі аппаратымен пневмониямен ауыратындарға көмек көрсетеміз. Ауруханаға дейін осы аппаратта тыныстандырылады. Бұл құрылғының көмегі көп».
Жарияланды: 03.07.2020