Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби қызметін насихаттау, шығармашылық деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, мәртебесін арттыру мақсатында қашықтықтан ұйымдастырылған қалалық «Үздік педагог-2020» байқауына Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Камалова Ұлжан Әбдіқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иемденді. Бұл жетістік мектебіміз үшін биылғы оқу жылындағы тағы да бір әдістемелік жұмысының оңды нәтижесі деп санаймыз. Байқауда ұстаздардың жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларды дамытудағы нәтижелері, білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі сараланды.
Жарияланды: 03.07.2020