Жарияланды: 03.07.2020

Шымкентте жаңа перзентхана бой көтермек

Алдағы 5 жылда Шымкент қаласында жаңа перзетхана бой көтереді. Қаланың бас дәрігері сын сағатында жағымды жаңалықтармен де бөлісті, д,п хабарлайды «Отырар.кз».

Нысан құны 900 млн. теңгеге бағаланған. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін шаһардағы 11 медицина орталығы мен 8 емхана қайта жөндеуден өткізілмек.

Рустам Албаев, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:  «14 млрд. теңгеге жаңа аппараттар алуды да көздеп отырмыз. Осылайша емханалар мен ауруханаларды жаңа құрылғылармен жабдықтаймыз. Ол үшін меморандумдар жасауды қолға алғалы отырмыз».

2025 жылға дейін тұрғындардың өмір сүру жасын 75-ке көтеру де алға қойылған. Ал, аналардың өлімін 7 пайызға, балалардың өлімін 6,9 пайызға азайту жоспарланған.

 

727 қаралым