Жарияланды: 03.07.2020

Шымкентте тұңғыш каскадерлық мектептің негізі қаланды

Шымкент қаласында алғаш рет каскадерлар дайындайтын спорттық клуб ашылды.  Жетекшісі — актер, режиссер, каскадер Мұқағали Әбдішәріп.

Клубтың мақсаты: спортқа және киноға әуесі бар қыз жігіттерді жинап, спорттық және каскадерлық элементтерді үйретіп, клубтың атынан жұмыс жасау, яғни кино түсірілімдерін жасау, үлкен киноларға өзін ұсынып қазақ киносын кеңінен дамыту. Қазір таңда клуб жұмысын бастады. Алғашқы қатысушыларды дайындап жатыр. Алдағы уақытта клубтың атынан таэквондо және басқа да спорт түрлерін қосып, спорт саласының дамуына да үлес қоспақшы. Мәдениет саласы мамандарын қолдаудың арқасында осындай жастар қазақ өнеріне молынан үлес қосуда.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

1 044 қаралым