Айбынды Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі мәдени орда ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы және аталмыш ұжымның қызметкерлері!
Бұл мерекенің ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуін де ерекше құбылыс деп түсінеміз. Осы орайды пайдаланып, Елбасыға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және елімізді алға жетелей беруін тілеймін.
Әрбір қазақстандық үшін жаңа бастамалар мен армандардың құтты ордасы бола білген Нұр-Сұлтан қаласы болашақта да талай іскер де арманы биік жастардың қанатын қомдайтыны анық.
Құрметті Үмітхан Дəуренбекқызы, сіздер бүгінгідей күрделі кезеңде қиын жерден жарқын жол тауып, кітапхана саласында оқырмандарға онлайн қызмет көрсетудің озық үлгілерін көрсетіп келесіздер. Тəуелсіз еліміздегі кітапхана саласын, кітапханашылар дəрежесін биікке көтеру бағытында да көшбасшылық қызмет көрсетудесіздер. Осы орайда Шымкент қаласындағы Әл Фараби кітапхана ұжымы да жаңашыл бағыттта жұмыс атқаруда. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру, отбасы және балалық институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, мәдениет қызметкерлерін қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл тарапта кітапхана қызметкерлері де ерен еңбек етуде.
Егемен еліміздің, шұғылалы Нұр-Сұлтан қаласының ғылымы мен мәдениетін дамыту жолында Ұлттық Академиялық кітапхананың алдағы уақытта да жемісті жұмыстар атқаруына тілектеспіз!
Анар ЖАППАРҚҰЛОВА
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры